White Paper Shanghai Global Data Ecosystem 2025 конференциясында таныстырылды

Қазақстандағы деректер экожүйесін дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық бағдары туралы жаңа White Paper
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Ұлттық статистика бюросы Shanghai Data Exchange серіктестігімен бірлесіп, Қазақстанның ұлттық деректер экожүйесін дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық бағдары қамтылған жаңа White Paper құжатын таныстырды.
Құжатта деректер экономикасын қалыптастырудың, цифрлық деректер алмасу инфрақұрылымын дамытудың, сондай-ақ деректерді мемлекеттік және коммерциялық мақсаттарда тиімді әрі қауіпсіз пайдалануға жағдай жасаудың негізгі бағыттары айқындалған.
White Paper заманауи цифрлық деректер нарығын қалыптастыруға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және деректерді басқару мен монетизациялау саласындағы озық әлемдік тәжірибелерді енгізуге арналған тұжырымдамалық негіз қалайды.