← Барлық жаңалықтар

Astana Data Exchange Қазақстанның ұлттық деректер нарығындағы алғашқы платформалардың бірі атанды

Астанада Қазақстанның ұлттық деректер экономикасын қалыптастыру мен дамытуға арналған Data Economy Conference конференциясы өтті

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Astana Data Exchange Ltd. (ADX) компаниясының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізді.

Конференцияның басты оқиғасы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік тізілімге енгізілген цифрлық деректер өнімдерін айырбастау және айналым жөніндегі алғашқы платформалардың таныстырылымы болды. Олардың қатарында Astana Data Exchange (ADX), MedEx және Kompra платформалары бар.

2026 жылғы 20 шілдеде ADX мемлекеттік тізілімге енгізілді. Бұл компанияның дамуындағы маңызды кезең болып, оның цифрлық деректер өнімдерін алмасу және олардың айналымын жүзеге асыру платформасы ретіндегі ресми мәртебесін растады.

2026 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің күшіне енуі реттелетін деректер нарығын қалыптастырудың құқықтық негізін қалады. Кодексте цифрлық деректер өнімдерін жасау, пайдалану, алмасу және коммерцияландырудың құқықтық шарттары айқындалды.

Astana Data Exchange — Shanghai Data Exchange (SDE) компаниясымен ынтымақтастық аясында құрылған цифрлық деректер өнімдерін алмасу және коммерцияландыруға арналған мамандандырылған платформа. Ол деректерді жеткізушілер мен тұтынушылардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, цифрлық өнімдерді орналастыруға, мәмілелерді ұйымдастыруға және деректерге қол жеткізуге арналған.

Конференцияға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес өкілдерінің, қаржы секторының, IT-компаниялардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Қатысушылар деректер нарығы инфрақұрылымын дамыту, цифрлық өнімдерді коммерцияландыру, жасанды интеллект технологияларында деректерді қолдану, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік пен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.