← Барлық жаңалықтар

Astana Data Exchange халықаралық сауда мен инвестиция үшін қазақстандық бизнестің шетелдік деректерге қолжетімділігін кеңейтуде

2026 жылғы 30–31 қазанда Astana Data Exchange Шанхай қаласында өткен Global Data Ecosystem Conference 2026 халықаралық конференциясына қатысып, Қазақстанның деректер нарығын дамыту нәтижелерін таныстырды.

Бұл бастама ADX пен Shanghai Data Exchange арасында 2025 жылғы қыркүйекте орнатылған стратегиялық әріптестіктің практикалық жалғасы болды.

Екіжақты келіссөздер барысында тараптар бірлескен деректер кеңістіктерін (data spaces) құру, деректер өнімдеріне құқықтарды өзара тану тетіктерін дамыту және олардың айналымына арналған үйлесімді стандарттарды әзірлеу мәселелерін де талқылады. Бұл бағыттар екі нарық қатысушыларының қауіпсіз өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, трансшекаралық мәмілелерді жеңілдетуге және деректерді коммерциялық мақсатта пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Жеке бағыт ретінде World Data Organization (WDO) өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді. ADX-тің WDO ұйымына мүшелігі аясында тараптар одан әрі ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде ADX базасында WDO-ның өңірлік орталығын ашу перспективаларын талқылады.

Astana Data Exchange халықаралық деректер өнімдерінің каталогын кеңейтуді және бизнестің қажеттіліктеріне бағытталған сервистерді дамытуды жалғастырады. Қазақстандық компаниялар, банктер және инвестициялық ұйымдар шетелдік деректер мен аналитикаға қатысты сұраныстарымен ADX-ке жүгіне алады. Сондай-ақ деректер жеткізушілері платформаның серіктестік желісі арқылы халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктерін пысықтау үшін ADX-пен байланыса алады.